top of page

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ АЙЫРБАСТАУ ЖӘНЕ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТТАРЫН КУӘЛАНДЫРУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Күнделікті қызмет барысында біз,нотариустар жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шарттарын жиі куәландырамыз. Ал,осы жылжымайтын мүлікті айырбастау шарты мен сыйға тарту шарты,әсіресе айырбас шарты аз кездесетін шарттардың бір түріне жатады.

Бұл шарттарды куәландыру барысында Жылжымайтын мүлікті сатып алу –сату шартының талаптары қолданылады, яғни иеліктен алынатын жылжымайтын мүлік құжаттарының түпнұскасын, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалыктар) және оның техникалык сипаттамалары туралы анықтама, некеде тұрған кездегі ортак мүлікке жұбайынының келісімі немесе неке шарты негізінде мүліктің ерекше режимін,некеде жоқ жағдайда меншік құқығын алған сәтінде заңды некеде тұрмағанын мәлімдеген арызы т.с.с. талап етіледі.

Алайда,жылжымайтын мүлікті айырбастау шарты мен сыйға тарту шартын куәландырусдың  кейбір ерекшеліктері бар. Жылжымайтын мүлікті айырбастау шарты - бұл шартка сайкес бір-тарап екінші тараптың меншігіне жылжымайтын мүлкті айырбаска береді. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбасталатын тауарлар  бір- біріне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөніндегі шығындарды әрбір  жағдайда тиісті міндет жүктелетін тарап жүзеге асырады. Шартка сәйкес айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берілетін тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртіп көзделмесе, тауар беру міндетін орындағанға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы тікелей өзі төлеуге тиіс, (КРАК 502-бабы).

Нотариус айырбас шартын тараптардың тандауы негізінде жылжымайтын мүлік объектісінің біреуінің орналаскан жері бойынша куәландырады, бұл ретте нотариус әр  объектінің орналаскан жерінен алынған, тіркелген кұкыктары (ауыртпашылыктары) мен техникалық сипаттамалары туралы анықтама арқылы мүлікке тыйым салу фактісінің жоқтығын анықтайды.

 

Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) екінші тарапка (сыйга алушыға) мүлікті қайтарымсыз негізде тегін береді.

 

Мүлікті сыйға тарту шартын куәландыру барысында нотариус ҚР АК 509-бабымен қаралған нотариаттық іс-әрекет етуге тыйым салатын негіздердің орын алмауын міндетті тексеруі тиіс. ҚР АК осы 509-бабы бойынша:

  1.  жас балалар (14 жасқа толмаған) мен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардыңатынан олардың заңды өкілдерінің;

  2.  емдеу тәрбиелеу мекемелерінін, әлеуметтік қорғау мекемелерінің және сол секілді мекемелердің қызметкерлеріне олардың емделуіндегі, асырауындағы не тәрбиесіндегі азаматтардың зайыптары мен туыскандарынын;

  3. мемлекеттік қызметкерлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін аткаруына байланысты сыйға тартуға жол берілмейді.

Аталган мәліметтердің тексерілгені туралы нотариус шарт мәтініне тиісті жазба енгізеді.

Жылжымайтын мүлікті неліктен алуға қатысты шарт (сату-сатып алу, айырбас, сыйға тарту) жасалғанға дейін неке бұзылған жағдайда бұрынғы жұбайының жылжымайтын мүлікке қатысты құқығы сақталады, себебі ол некелі кезеңде сатып алынған мүлік болып табылады.  Сондыктан некенің бұзылғанына ұзақ уақыт өтсе де нотариус бұрынғы жұбайының келісімін талап етуі тиіс. Дүние-мүлікті бөлуге сот шешімі шыққан және ол осы шешім негізінде жеке өзі меншік иесі болған жағдайда ғана бұрынғы жолдасының келісімі талап етілмейді.

Заңда көзделген кейбір реттерде нотариус жылжымайтын мүлікке айырбас шартымен сыйға тарту шарттарын жұбайынын келісімінсіз де куәландыра алады.

 

Жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптылардың бірімен некеге отырғанға дейін алынған болса, сыйға алынған немесе мұрагерлік жолымен өткен жағдайда мұндай келісім талап етілмейді.

 

Жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шартында көзделген, сатып алушының зайыбының келісімін талап ету, жылжымайтын мүлікті айырбастау шартында да талап етіледі (Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы) ҚР кодексінің 34-бабы).

Мұндай жағдайда шарт мәтінінде жылжымайтын мүлікті өз жұбайларының келісімі негізінде айырбастайтыны жөнінде атап көрсетіледі.

Сыйға алушының жолдасына занның бұл талабы қолданылмайды, себебі сый қабылдаушының меншігіне жылжымайтын мүлік қайтарымсыз өтеді.

Нотариус Уразова Т.М

bkoadilet.jpeg

Территориальная Нотариальная палата

Западно-Казахстанской области

 

Председатель Елегенова Найля Губашевна
Образована   в мае 1999 года
Общая численность нотариусов по состоянию на 01.07.
2025 года 119 нотариусов
Контактные телефоны: +7 705 514 3242

Адрес: индекс 090000 г. Уральск, ул. Некрасова,  дом 29/1, офис 1
e-mail: npzko2025@mail.ru

Приём граждан ведётся председателем с понедельника по пятницу по предварительной записи.

 

     Архив нотариальной палаты ЗКО

 

Директор архива:  Джармухамбетова Айгуль Каировна

Адрес : 090001, Западно-Казахстанская область,  г.Уральск, Улица Желтоксан, 1 (2 этаж) 

e-mail: arxivnpzko@mail.ru

Телефон: +7 777 653 6971

bottom of page