top of page

Мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындау

Мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындау ежелгі институттардың бірі. Қазақстан Республикасының 14 шілде 1997 жылғы «Нотариат туралы» Заңының 34- бабының 1- тармағының  3-ші тармақшасына сәйкес нотариус жасайтын бұрыннан келе жатқан нотариаттық іс – әрекет. 

Кез – келген нотариаттық іс –әрекет арнайы заң нормаларымен реттелетін, өзіндік ерекшелігі бар процесс.

 

Мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы нотариаттық іс –әрекеттің де өзіндік тарихы бар,ол сол Кеңес Одағы кезініндегі заңнамалардан бастау алып,бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен заман талабына сай бағытталып, жетілдіріліп келеді.

 

Мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындау мұрагерлік құқықпен байланысты, яғни мұрагерлік құқықтық қатынастар туындағанда пайда болатын,мұрагерлік құқықтың бір бөлігі іспеттес.

 

Уақыт өткен сайын мемлекеттің даму қадамына сай,нарықтық экономикаға бейімделу жолында Заңға көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

 

Бұрынғы ҚазКСР-нің Азаматтық кодексі және ҚР «Нотариат туралы» Заңын салыстырмалы түрде қарайтын болсак, ол кезде нотариус мұралық мүлікті қорғауға шаралар кабылдайтын.

 

Мұралык мүлікті қорғау жөніндегі шаралар мүлікті тізімдеуден тұратын, мұралық мүлікті тізімдеуге қатысуға тілек білдірген мүдделі адамдардың және кемінде екі куә адамның қатысуымен жүргізілетін, егер мұраның

құраманда басқаруды талап ететін мүлік болса, сондай-ақ мұрагерлер мұраны қабылдап алғанға дейін, нотариус мұралық мүлікті сақтаушыны тағайындайтын.

 

Мұра қалдырушының мүлкінің немесе оның бөлігінің мұра ашылған жерден тыс орында табылған жағдайда мұра ашылған жердегі нотариус мұралық мүлік табылған жердегі нотариусқа оны қорғау жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырма беретін.Мұралық мүлікті қорғауға шаралар қабылдаған нотариус бұл жөнінде мұра ашылған жердегі нотариусқа хабарлайтын.

Нотариус мұралық мүлікті қорғауға қабылдаған шаралар,оның ішінде мұралық мүліктің тізімдемесін  жүргізу тағайындалғаны жөнінде мұралық мүлікті қорғау әрекеті шын мәнінде жасалғанға дейін 10 күннен кешіктірмей мекен-жайы немесе қайда екендігі өзіне белгілі мұрагерлер және баска да мүдделі адамдарға хабарлайтын.

 

Мүлікті тізімдеу актісін жасағанда бағалаушы маман шақыру арқылы тізімделген заттарды бағалап, қымбат бағалы тастар және бұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісіне өткізілетін.

Қазіргі таңдағы қолданыстағы заңдарға енген өзгертулер мен толықтыруларға сүйенсек нотариус мұра қалдырушының тұрғылықты орны немесе мүліктің орналаскан жері бойынша шықпайды, мұралық мүлікті тізімдемейді. Мұралық мүлікті тізімдеу мұрагерлер мұраны сенімгерлік басқарушы тағайындау туралы өтінішімен бірге беріледі.

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 883-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару; мәміле (атап айтқанда, өсиетті орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша) негізінде пайда болады (белгіленеді).

 

Жоғарыда көрсетілгендей, мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 34-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31бұйрығымен бекітілген «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы» Ереженің 10-тарауының 115-118-тармақтарымен, Қазакстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген өзге де жағдайларда орын алады.

 

Нотариус мұраны ашқан жері бойынша, заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагерлердің өтініштері бойынша, сондай-ақ мұрагерлер заң бойынша болмаған немесе белгісіз болған кезде жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша мұраны сенімгерлікпен баскарушы тағайындалады.

 

Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, сенімгерлікпен баскарушының оған қажетті шығыстардың орны толтырылады  және мұраның есебінен қисынды сыйақы төлене отырып, олардың талабы бойынша кері шақырылып алынады.

 

Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері нотариуска белгісіз адамдар бар болса, нотариус олардың тұратын жерін анықтауға қисынды шаралар кабылдайды.

Егер мұрагерлердің тұратын жері немесе жұмыс орны белгісіз болса, нотариус бұкаралык ақпарат құралдары арқылы мұраның ашылғаны туралы хабарлама жасайды.

 

Сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау туралы нотариус қаулы шығарады.

Қаулыда:

  1. қаулының шығарылған күні, уакыты және жері;

  2. қаулыны шығарған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, оның лицензиясының нөмірі;

  3. тағайындалатын мұраны сенімгерлікпен басқарушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және жері, оның тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері;

  4. мұра қалдырушының тегі, аты және әкесінің аты, сондай-ақ қайтыс болған күні, соған қатысты қорғау шараларын кабылдау, қажет болатын мүліктің атауы және тұрған жері көрсетіле отырып, мұралық мүлікті қорғауға қабылданған шаралар туралы тапсырманың мазмұны;

  5. мұраны сенімгерлікпен басқарушының өкілеттілігін түсіндіру жөніндегі жазба

  6. тіркелген күні және тізілім нөмірі, нотариусқа төлеген тенгесі;

  7. нотариустың қолы, мөрі болуы тиіс.

 

Мұралық мүлік сақтауға берілген сенімгерлікпен басқарушы мұралық мүлікті ысырап еткені, иеліктен айырғаны немесе жасырып қалғаны үшін және мұрагерлерге келтірілген шығындар үшін жауапкершілігі жөнінде қолхат алына отырып ескертіледі. Қолхат сенімгерліқпен басқарушыны тағайындау туралы қаулыда баяндалады.

Қазакстан Республикасы Азаматтык кодекісінің 1071 – бабына сәйкес  мүліктің бір бөлігі өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиетті орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлік тәртібімен ауысатын бөлігін де қоса алғанда, барлык мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады.

 

Егер заң бойынша мұрагерлер мұранын заң бойынша мұрагерлік тәртібімен ауысатын  бөлігіне қатысты  көрсетілген міндеттерді атқару үшін мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкіл мұраны қорғау жане оны басқару жөніндегі міндеттерді осы Кодекстің 1059-бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиетті орындаушы жүзеге асырады.

 

Мұраны сенімгерлікпен басқарушыны заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагердің өтініші негізінде мұраның ашылған жері бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындаумен немесе оны тандаумен келіспеген заң бойыншамұрагер сотта мұраны сенімгерлікпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы.

 

Егер заң бойынша  мұрагерлер болмаса  не белгісіз болса, республикалық манызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,облыстық маңызы бар қалалардың  жергілікті атқарушы органдары мұраны сенімгерлікпен

басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгінуге тиіс.

Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуі бойынша,мұраны сенімгерлікпен баскарушы мұраның есебінен оған қажетті шығындар өтеліп,қисынды сыйақы төлене отырып кері шақыртылып алынуы мүмкін.

 

Мұраны сенімгерлікпен басқарушы заңды мұрагерліктің ерекшеліктерінен өзгеше туындамағандықтан, өсиетті орындаушыға қатысты осы Кодекстің 1059-бабында көзделген өкілеттілікті жүзеге асырады.

 

Мұраны сенімгерлікпен баскарушының мұра есебінен мұраны қорғау және оны басқару жөніндегі қажетті шығындарды өтеттіруге, ал егер оның мұрагерлермен келісімінде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқы бар.

Нотариус Уразова Т.М

bkoadilet.jpeg

Территориальная Нотариальная палата

Западно-Казахстанской области

 

Председатель Елегенова Найля Губашевна
Образована   в мае 1999 года
Общая численность нотариусов по состоянию на 01.07.
2025 года 119 нотариусов
Контактные телефоны: +7 705 514 3242

Адрес: индекс 090000 г. Уральск, ул. Некрасова,  дом 29/1, офис 1
e-mail: npzko2025@mail.ru

Приём граждан ведётся председателем с понедельника по пятницу по предварительной записи.

 

     Архив нотариальной палаты ЗКО

 

Директор архива:  Джармухамбетова Айгуль Каировна

Адрес : 090001, Западно-Казахстанская область,  г.Уральск, Улица Желтоксан, 1 (2 этаж) 

e-mail: arxivnpzko@mail.ru

Телефон: +7 777 653 6971

bottom of page